Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды

ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Құрмат Рахимовтың есімі берілді, ардагер биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Мерейтой иесінің туған жері Күршім ауылының орта мектебінде бүгін 15 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды. Жасына байланысты Құрмат Рахимұлы салтанатты іс-шараға бара алмады, сондықтан ол үшін полицейлер тікелей онлайн-трансляция ұйымдастырды. Оның қасында ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов, ІІО және ШҚО ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев болды. Бұл іс-шараға Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов, АПБ бастығы Жандос Кошкинчинов, ІІО ардагерлері, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты.

Кадет сыныбының ашылуы әскери-патриоттық тәрбиені арттыруда ерекше рөл атқарады. Ант беру кезінде курсант әр сөзді шынайы тебіреніспен айтады және сендер үшін ар-намыс, қадір-қасиет, тәртіп сияқты ұғымдар бірінші кезекте болуы тиіс. Қазірдің өзінде осы жаңа сыныпта сендер өз таңдаған жолдарыңның маңыздылығы мен жауапкершілігін сезінудесіңдер, – деп атап өтті Алмаз Төкенов.

Қуанышқа бөленген ақсақал өз кезегінде батасын беріп, оқушыларға өз мақсаттарына жетуде сенімділік және қиындықтарды жеңуде табандылық тіледі. Қатысқан қонақтар кадеттерді құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру