ШҚО полицейлері 5 қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
ШҚО полицейлері бесінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамыз күні сағат 00:50-де Шемонаиха АПБ 102 жедел арнасына Первомайский кентінің тұрғынынан 30 жастағы азаматтық некедегі күйеуі өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, пәтерінің бесінші қабатынан секірмек ниетте тұрғаны туралы қоңырау келіп түседі.
Шақыруға Первомай кенттік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Сайран Қалиев және жедел уәкіл Руслан Қойшыбаев КПБ қызметкерлері жедел жеткен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер терезенің сыртында аяғын үйдің қабырғасына ғана тіреп, қолымен терезеден ұстап тұрған ер адамды көреді. Жағдайды көрген полиция қызметкерлерінің бірі ер адаммен келіссөз жүргізіп, оны пәтерге қайта кіргізу үшін темекі сұраған. Жасалған келіссөздердің нәтижесінде полиция қызметкері ер адамға жақындап, оны ұстап алып, қауіпсіз аумаққа шығарған.
Белгілі болғандай, жігіт мас күйінде болған, әйелімен жанжалдасу салдарын оны өзіне қол жұмсамақ болған.