Кафеде ұялы телефон ұрлаған қызылордалық ұсталды
Кафеде ұялы телефон ұрлаған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 тамыз күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 6 тамыз күні қала орталығында орналасқан кафелердің бірінде үстел үстінде тұрған «ОРРО РЕНО-2» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жазған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні анықтады. Айғақ зат алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.