ШҚО полицейлері дағдарыс орталығына тап болған аналарға барып қайтты
ШҚО полицейлері дағдарыс орталығына тап болған аналарды келе жатқан мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШҚО полицейлері қиын өмірлік жағдайдың салдарынан Өскемен қаласының дағдарыс орталығында тұратын аналар мен балаларға барып қайтты. Тәртіп сақшылары көктемнің жайма шуақ күнінде қыз-келіншектерді гүлдермен, ал балаларды тәттілермен қуантты.
– 8 наурыз – жылдың ең әдемі, ерекше мерекелерінің бірі. Бұл барлық әйелге назар аударатын күн. Қиын жағдайға тап болған аналарға, әсіресе көктемгі мереке қарсаңында оларға сенім мен рухани жылулық сыйлау өте маңызды, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.
Қазір орталықта 7 әйел мен 15-тен астам бала уақытша тұрады.