Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясында 400-ден астам шенді ару қызмет етеді

СҚО полициясында 400-ден астам шенді ару қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін таңертең жұмысқа келген әйел полицейлерді ер қызметкерлер гүлмен қарсы алды. Олар облыстық полиция департаментінің кіреберісінде аруларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Дәл осы күні Жастар сарайында мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өтті. Көктемгі шуақты мерекемен әйелдер қауымын СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов құттықтады. Ол құттықтау сөзінде бүгінгі таңда облыста қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және қылмыстарды тергеуде 449 әйел полицей тынбай еңбектеніп жүргенін атап өтті. Олардың арасында 4 полковник және түрлі деңгейдегі 20 басшы бар. Бұдан басқа, 58 әкімшілік мемлекеттік қызметші, 172 азаматтық қызметкер мен ерікті жалдамалы қызметшілер жұмыс істеп келеді.

– Осы залда біздің арамызда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайлары мен туыстары отыр. Мойымай ұрпақ тәрибелеп, олардың бойларына Отанға деген махаббатты сіңіріп жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Полиция қызметкерлерінің отбасыларында тыныштық пен берекенің ұйытқысы болып, балаларды өсіріп, тәрбиелеп отырған жұбайларына ризашылығымды білдіремін, – деді Қабдұлдинов.

Сондай-ақ жас қызметкерлермен тәжірибелерімен бөлісіп жүрген ішкі істер органдарының әйел ардагерлеріне алғысын айтты.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып жүргені және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бірқатар қыз-келіншектерге полиция ведомствосының бастығы ІІМ-нің құрмет грамоталарын, грамоталар мен алғыс хаттарын табыс етті. Тайынша ауданының полиция бөліміндегі әкімшілік полиция бөлінісінің инспекторы Аяна Бағылова “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық медалімен, ал СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Наталья Ковецкая “II дәрежелі ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шара СҚО ПД Мәдени орталығындағы вокалдық топтың концертімен аяқталды. Погондағы әртістер жаңа лирикалық және патриоттық композициялар мен хитке айналған әндерді орындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру