ШҚО полицейлері егіз бойжеткенге құжат рәсімдеуге көмектесті
ШҚО полицейлері Ресейден келген егіз бойжеткенге құжат рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресейден келген егіздер ШҚО-да тұруға ықтиярхат алды. Шемонаиха АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінде қызықты жағдай орын алды – бір-бірінен айнымайтын егіз қыздар Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алды.
Ирина мен Марина 17 жаста, олар екі жыл бұрын Ресей Федерациясынан анасымен және кішкентай сіңлісімен бірге Қазақстанға қоныс аударған, алайда құжаттарды рәсімдеуде біраз қиындықтар туындаған.
Олар көптен күткен құжаттары – ықтиярхатқа енді ғана қол жеткізді, сол үшін көші-қон бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
– Құжаттармен бізде бастапқыда қиындықтар туындады, дегенмен соңында бәрі ойдағыдай аяқталды. ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, – дейді қыздар.
Қазір апалы-сіңлілер Шемонаиха колледжінде бухгалтер мамандығына оқып жатыр. Марина мен Ирина полицейлермен әңгімелесу барысында Қазақстандықтардың ашықтығы мен қонақжайлығы туралы атап өтті.
Көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері өздерінің қажырлы еңбектері үшін алғыс сөз естігендеріне қуанышты екендіктерін білдірді, өйткені көші-қон құжаттарымен жұмыс істеу бір минуттық жұмыс емес. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қыздарға оқуда табыс және алға қойған барлық мақсаттарына қол жеткізулерін тіледі.