ШҚО полицейлері мас күйінде көлік тізгіндеген жігітті ұстады
Өскеменде полиция қызметкерлеріне жүк көлігін тоқтату үшін оның ізіне түсуге тура келді. Автокөлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқтату туралы заңды талаптарын елемеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
(Мас жүргізуші: 02:20 – 03:09)
Жүргізуші қуғыннан қашуға тырысып, патрульдік машинаны соғып кете жаздады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде КамАЗды тоқтату мүмкін болды. Рөлде отырған жігіт көлікті тастап, полицейлерден қашпақ болған. Алайда оның бұл ойы жүзеге аспады. Учаскеде полиция қызметкерлері ұсталған 20 жастағы жігіттің мас екенін анықтады. Салонда жүргізушіден бөлек, тағы екі адам болған. Олардың бірі жүргізушінің құрдасы болса, екіншісі – 16 жастағы қыз. Қыздың ата – анасына қатысты түнгі уақытта жасөспірімді көшеге жібергендері үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жүргізушіге қатысты билік өкіліне бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.