Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимді массаж салоны анықталды

Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимді массаж салоны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Сыртынан тұрғын үйге ұқсайтын үлкен коттедж туралы айтып отырмыз. Ішінде өзгеше өмір болып жатты.

– Түнгі сағат онға жақын тексеру кезінде жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін алты массажист сымақ қыздар мен әкімші болды. Бұл әйелдер – біздің отандастарымыз, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар. Қызметкерлердің ең үлкені – 28-де, кішісі – 19-да. Салонның әр қызметкерінің жеке басын тексеру үшін оларды АПБ-на жеткізді. Массаж салонының иесіне қатысты жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстауға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру