Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда сомасы 5 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдардың ұрлығы ашылды

Көкшетауда сомасы бес миллион теңгені құрайтын алтын бұйымдардың ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 маусымда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 63 жастағы тұрғыны өтініш білдірді. Әйелдің айтуынша, белгісіз тұлғалар еркін қол жеткізу арқылы пәтерден бем миллион теңге сомасына алтын бұйымдарды ұрлап әкеткен.

Басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған адамдарды, сондай-ақ ломбардтарды және ұрланған зергерлік бұйымдарды өткізудің басқа да орындарын тексерді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, жедел қызметкерлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты “келу туралы міндеттеме” мәжбүрлеу шарасы таңдалды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру