ШҚО полицейлері нашақор-ұрыны ұстады
ШҚО полицейлері нашақор-ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсанда Глубокое АПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың 4 желтоқсанында белгісіз тұлғалар дүкеннің сөресінде тұрған оның қымбат смартфонын ұрлағанын хабарлаған. Осылайша жәбірленушіге 145 мың теңге көлемінде шығын келтірілді.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Опытное поле ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
7 желтоқсанда дәл осы азамат есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.
Ер адамның пәтерін кідіріссіз тінту кезінде ас үй бөлмесінде құрамында қоңыр-жасыл түсті ерекше иісі бар полиэтилен пакет табылды.Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 3,48 гр «кептірілген марихуана» екенін көрсетті.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) және 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.