Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жастағы СҚО тұрғыны 50-ден астам қазақстандықты алдап кетті

Қостанайлық жедел уәкілдер Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында пәтерлерді ұзақ мерзімге жалға берумен айналысқан алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны 50-ден асады. Полиция бұдан да көп болуы мүмкін деп болжайды.

Ер адам Krisha.kz сайтында тұрғын үйді жалға алу үшін қолайлы баға ұсыну арқылы хабарландырулар орналастырған. Арзан пәтерді алып үлгермек болған сенгіш азаматтар белгіленген карта нөміріне 5 мыңнан 50 мың теңгеге дейін алдын ала төлем жіберген. Байланыс тек WhatsApp мессенджері арқылы жүзеге асырылған, “пәтерді жалға беруші” пәтер көрсетуді қандай бір себептермен кейінге қалдырып немесе басқа уақытқа ауыстырып келген.

Күдіктіден ұялы телефонды тәркілеу барысында жедел уәкілдерді кіріс қоңыраулардың көптігі таң қалдырған. Телефонға келіп түскен қоңыраудың санында шек жоқ. Полиция қызметкері тұтқаны көтеріп, қоңырауға жауап бергенде ғана азаматар алаяқтың арбауына түскендерін түсінген.

– Хабарландыру жалған, алаяқтар сізді алдағысы келді, іс жүзінде ешқандай пәтер жоқ деп бірнеше рет қайталауға тура келді, – дейді облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкері Малик Абеуов.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғынына қатысты (Қостанай облысының аумағында бірнеше жыл тұрған) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас фактілерді жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру