Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр

Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараны тәртіп сақшылары есірткі қылмысына қарсы күрес аясында қолданады.

- Студенттер арасында есірткіні сақтау және тарату деректерін болдырмау үшін арнайы жоспарда жоғары оқу орындары мен жатақханаларға тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылған. Жақында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жатақханасы тексерілді. Болашақ дәрігерлердің арасынан тыйым салынған заттар табылмады, — дейді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.

Айтпақшы, бұл шараға полицияның Лесси есімді ізкесушісі де қатысты. Тексеру рейдінің мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және сол тектестердің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру