Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері павлодарлық КамАЗ жүргізушісіне көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері павлодарлық КамАЗ жүргізушісіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 4 мамыры сағат 12:00 шамасында «Алматы-Өскемен» тас жолының 891 шақырымында қызмет атқару кезінде ШҚО ПД ППР инспекторлары Мұхамеджанов Бекзат пен  Жақсыбек Мейіржан жол жиегінде тұрған КамАЗ жүк көлігін байқаған.

Полицейлер автокөлікті тізгіндеп отырған 58 жастағы Павлодар қаласының тұрғынына көмек көрсету үшін тоқтаған. Ер адам жолда көлігінің тіркеме бүйірі сынып, доңғалақтары босағанын айтқан.

Инспекторлар жүкті көтеру үшін кран техникасын шақыртып, жүргізушіге барлық қажетті көмекті көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру