Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері пиротехниканы заңсыз сататындарға қадағалауды күшейтті

ШҚО полицейлері пиротехниканы заңсыз сататындарға қадағалауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының және оларды қолданудың белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында республика аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі.

Департамент қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелудің, сатудың және пайдаланудың жолын кесу, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жеткізумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады. Қазіргі уақытта облыс аумағында азаматтық пиротехникалық заттарды сақтаумен және пайдаланумен айналысқан үш объект тіркелген.

Олар Өскемен қаласында «Ұлан» ЖШС, Виноградов көшесі №17а «Дос-Нар» және «СТиК» ЖШС, Қ.Сәтпаев даңғылы №76/2 «Фрешмаркет» сауда үйі, Жібек Жолы көшесі «Magnum» сауда үйі және Бажов көшесі №110 «АДК» сауда үйі, сондай-ақ Алтай қаласында ЖШС «Алтай Салют» Первомайская көшесі №23/2.

Полиция департаменті «Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» нормативтік-регламенттеуші құжаттарға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау ішкі істер органының рұқсаты негізінде жүзеге асырылатынын еске салады.

Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдарды бөлшек саудада сату, пайдалану құжаттамасының талаптарына және өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін және пиротехникалық заттар мен бұйымдар салынған қаптамаларға тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайтын дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүргізіледі. Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өткізуге арналған сауда үй-жайлары өрт сөндіру құралдарымен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

Қоғамдық тәртіпті, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, тасымалдау, әкелу, әкету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шаралар көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру