Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясы еріктілерді марапаттады

СҚО-да Халықаралық еріктілер күніне орай облыстық полиция басшылығының алғыс хаттарымен еріктілер қоғамдарының белсенділері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Марапаттау облыстық полиция ведомствосында өтті. Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев полиция қызметкерлері еріктілердің еңбегін әрқашан жоғары бағалайтынын атап өтті. Өйткені еріктілердің көмегімен әртүрлі дағдарыстық және басқа да мәселелер өз шешімін тапқан. Алғыс хаттармен марапатталған оннан астам белсенді жас облыстық полиция қызметкерлерінің қошеметіне бөленді.

“LIDER.KZ”, “Ашық жүрек”, “Қамқор”, СҚО-ның іздеу жасағы, Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығы – бірнеше жыл бойы осы клубтардың белсенділері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, криминалдық полиция бөліністерінің жедел уәкілдерімен, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Мысалы, жыл басынан есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп жүзге жуық маңызды іс-шара ұйымдастырды. Облыс орталығының көшелеріндегі есірткі граффитилерін бояп жабу бойынша 5 акция өткізді, оның барысында 60-тан астам жазба өшірілді.

Жоспарлы жұмыстан бөлек, ұлдар мен қыздар кез келген ауа райында, күн-түн демей жоғалған адамдарды іздеу шараларына қосылуға дайын. Бұл жұмыс икемділікті, ерекше төзімділікті, әмбебаптықты қажет етеді. Еріктілер жоғалғандар туралы бағдарларды қағазға басып шығарып, таратады, халыққа сауалнама жүргізу кезінде ақпарат жинауға қатысады, елді мекендерді аралауда көмектеседі. Бұл бағытта әлеуметтік желілердің де көмегі зор. Жастар фото-бағдарларды дайындайды және жариялайды, түсініктемелерді бақылап отырады, мессенджерлер арқылы іздеу іс-шараларын ұйымдастырады.

Кездесу соңында Қанат Айтбаев белсенді жастар мен клубтардың басшыларына тағы да алғысын білдіріп, әрбір еріктінің, белсенді қала тұрғынының еңбегі зор құрметке лайық екенін айтты. Полиция мен еріктілер клубтарының жемісті ынтымақтастығы бұдан әрі де жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру