ШҚО полицейлері тұрғыннан заңсыз ауланған 130 келі балық тәркіледі
ШҚО полицейлері тұрғыннан заңсыз ауланған 130 келі балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тарбағатай ауданының тұрғыны балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер балықты заңсыз аулаумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстаған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары 130 келіге жуық көксерке мен қарақұйрықты, сондай-ақ 15-тен астам моноталшықты торларын тауып, тәркілеген.
Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.