Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тамақтану орнынан телефон ұрлаған азаматтың ісі камераға түсіп қалған

Елордада тамақтану орнынан телефон ұрлаған азаматтың ісі камераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан қоғамдық тамақтану орнының бірінде ер адам Samsung телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 80 мың теңгені құрады. Камералардың көмегімен тәртіп сақшылары 20 жастағы қала тұрғынын анықтады. Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ол асханаға клиент кейпінде кіріп, үстелде отырады да, адамдардың назарын ала бере телефонды жымқырып, шығып кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру