Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 50-ге жуық жас маманға тәлімгерлер тағайындалды

Түркістан облысында 50-ге жуық жас маманға тәлімгерлер тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жыл басында тәлімгерлік кеңес құрылған болатын. Бүгін төраға Бағлан Халықов сол кеңестің мүшелерімен маңызды жиын өткізді. Онда ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас мамандарға білікті әрі тәжірибелі ардагерлер жұмысты тиімді жоспарлауды үйретіп, оңтайлы шешім қабылдауға бағыт-бағдар береді.

Кеңес құрамындағы тәжірибелі ішкі істер органдарының ардагерлері – алдағы уақытта жас мамандардың кәсіби бейімделуіне көмек көрсетіп, қызметте қылмыстарды ашу мен оң шешім қабылдауларына көмек көрсететін болады.

Отырыста кеңес мүшелері мен басқарма басшылары 16 курсант пен 40 тағылымданушыға тәлімгерлер тағайындалды. Сонымен қатар бейнеселектор арқылы қатысқан 17 қала, аудан басшылығы да өздеріне тиесілі тапсырмаларын алып, пікірлерін ортаға салды.

Кеңес төрағасы қорытынды сөз сөйлеп, тәлімгерлер мен жас мамандарға қызметте сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру