Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Түркістанда терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушісінен есірткі тәркіленді, – деп хабарлады Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында Түркістан қалалық полиция басқармасының  патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінің бірінде терезесін заңсыз түрде қараңғылап алған Mercedes-Benz көлік жүргізушісін байқап, тоқтатты.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер 38 жастағы ер азаматтың күртешесінен есірткіге ұқсас затты тапты. Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындысына сәйкес 30 грамнан астам марихуана болып шықты.  

Қазіргі таңда есірткі заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру