ШҚО полицейлері тұрғынның үйінен заңсыз қару тәркіледі
ШҚО полицейлері тұрғынның үйінен заңсыз қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлан аудандық полиция бөлімі қызметкерлері заңсыз қару ұстады деген күдікті ер адамды ұстады. 36 жастағы күдіктінің үйі мен гаражын тінту кезінде жедел уәкілдер екі мылтықты, оқ-дәрілерді және мылтықтың құрамдас бөліктерін: шүріппе, сағақ және ұңғыны тауып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттар барлығы атуға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қазір тәртіп сақшылары ер адамның қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.