Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері арасында шағын футболдан жарыс өтті

Шымкент полицейлері арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығының бұйрығына сәйкес өткізілген спорттық сайысқа 9 команда қатысты. Оның ішінде 5 аудандық полиция басқармасы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бар.

Шараның басты мақсаты – спортты, оның ішінде шағын футболды кеңінен насихаттау, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ету және сақшылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

50-ге жуық полицей қатысқан жарыс қызу әрі тартысты өтті. Ақтық финалға Қаратау аудандық ПБ, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы шықты.

Кәсіби төрешілердің шешімен ойында үздік нәтиже көрсеткен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүлделі І орынды иеленді. Қаратаулық сақшылар ІІ-орынға жайғасса, үшінші орынды экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қанжығасына байлады.

Сондай-ақ топ арасында ерекше көзге түскен сақшылар “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік шабуылдаушы” номинацияларымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру