Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері ауыл тұрғындарына жоғалған үйір жылқысын тауып берді

ШҚО полицейлері жоғалған үйір жылқыны ауыл тұрғындарына тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Бозанбай ауылының 33 жастағы тұрғыны жайылымнан 18 бас жылқы ұрлау фактісі бойынша Ұлан ауданының полиция бөліміне жүгінген. Иесінің айтуынша, мал 24 қазанда еркін жайылымнан жоғалып кеткен, бір апта ішінде ер адам малды өз бетінше іздеген. Бірнеше күн сәтсіз іздеуден кейін ауыл тұрғыны полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушілермен бірлесіп іздестіру іс-шараларына кіріскен. Іздеу шамамен 10 күнге созылды, автожолдар мен ет өнімдерін өткізу орындары жедел жабылып, көліктер тексерілді.

Іздеу нәтижесінде полицейлер Жанұзақ ауылы маңында жылқыларды тауып, заңды иесіне қайтарып берді.

Мал ұрлығының немесе жоғалудың алдын алу үшін Полиция департаменті мал иелерін қора-қопсыларын нығайтып, малды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қораны сенімді қоршаумен нығайтып, онда жарық орнатуға кеңес берді. Сондай-ақ, малды таңбалап биркалауды ұмытпаңыз. Егер Сіздің  малыңыз жоғалып немесе ұрланған болса, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Айта кету керек, 15-24 қараша аралығында ШҚО аумағында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Үш күнде 17 қылмыс ашылды. 66 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды, оның ішінде– 40 жылқы, 26– ІҚМ.

723 қараусыз жайылып жүрген мал айыппұл тұрағына қамалды.

148 азамат мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

Мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 571 автокөлік, 427 шаруа қожалықтары мен мал бағатын орын, мал және ет өнімдерін өткізетін 197 орын (базарлар, дүкендер, павильондар) тексерілді.

Ветеринария саласында ӘҚБтК-нің 406-бабында көзделген 45 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 36-ы мал және ет өнімдерін тасымалдау үшін, тоғызы мал және ет өнімдерін сату үшін (барлық материалдар әкімшілік хаттамалар жасау үшін ветеринариялық қызметтерге жіберілді).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру