ШҚО полицейлері жол белгілерінің көрінуін шектейтін жарнамаларды алуда
ШҚО полицейлері жол белгілерінің көрінуін шектейтін жарнамаларды алып тастау жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұза отырып, елді мекендердің көшелерінде орнатылған жарнамалық құрылымдарды бөлшектеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Аталған іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, өткен демалыс күндері бұл жұмыс Семей қаласындағы бес нысанда жүргізілді.
Мәселен, 2019-2020 жылдары Өскемен және Семей қалаларының магистральдық көшелерінен қолданыстағы заңнама талаптарына жауап бермейтін 150-тен астам жарнамалық конструкциялар (өлшемдері 6х3 метр ірі билбордтар) бөлшектелген.
Жол белгілерінің нормативтік көрінуді қамтамасыз ету апаттылықтың алдын алудың кепілі болып табылады.