ШҚО полицейлері жолда қиын жағдайға тап болған Түркиядан келген жүргізушіге көмектесті
ШҚО полицейлері жолда қиын жағдайға тап болған Түркиядан келген жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркия азаматы Aydin Arip Риддер қаласына Рено жүк көлігімен бара жатқан. Алайда ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда, көктайғаққа байланысты, ер адам жүк көлігімен жоғары қарай Шемонаиха – Секисовка жолының учаскесінде шыға алмаған. Жүк көлігінің жүргізушісі қиын жағдайға тап болғаны туралы хабарды алған полиция қызметкерлері дереу жолға шығып, жол-жөнекей «Выдрихинское» ЖШС басшылығы ұсынған арнайы техниканы қолдану туралы шешім қабылдаған.
Тәртіп сақшылары «Облшығысжол» ЖШС және «Выдрихинское» ЖШС қызметкерлерімен бірге ер адамға қажетті көмек көрсетті. Ауа райы жағдайы мен қараңғы түсіп кеткенін ескере отырып, қысқы жолдарға жарамсыз көлікпен жүруді жалғастыру қауіпті болғандықтан көлік Шемонаиха қаласына кері қайтарылды. Онда шетелдік саяхатшыға ыстық тамақ пен жатар орын берілді.
Таңертең үлкен жүк көлігі полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жолға шықты. Жүргізуші полицейлердің жедел және тиянақты жұмысына риза болып, көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Халық тарапынан құрметке ие болу – полиция қызметкерлерінің құқықтық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін мүлтіксіз орындап жатқанының белгісі екенін атап өткен жөн.