Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол апатынан бір жолаушы көз жұмды

Түркістан облысында жол апатынан бір жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағындағы Алматы – Ташкент – Термез автожолының 719-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Анықталғандай, Шымкент қаласынан Сарығаш ауданына шыққан Toyota Camry автокөлігі өзімен бір бағытта келе жатқан Mersedes-Sprinter жолаушылар көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы, Төлеби аудандық ПБ мен аудандық прокуратура басшылығы шықты. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру