ШҚО Полиция басқармасының басшылығы ІІО ардагеріне қонаққа барды
ШҚО Полиция басқармасының басшылығы ІІО ардагеріне қонаққа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында криминалдық Полиция басқармасының басшылығы ІІО ардагері милиция подполковнигі Ершова Августа Николаевнаға қонаққа барды.
Полицейлер оны келе жатқан мерекелерімен құттықтап, денсаулық, амандық және көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Өз кезегінде, Августа Николаевна ІІО-да қызмет еткен кездегі достығы туралы, өмірбаянының қызықты фактілерімен, фотосуреттерімен және естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне көрсеткен құрметі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Оларға мықты денсаулық, сенімді тыл, сәттілік, шыдамдылық және кәсіби шеберлік тіледі.