Маңғыстау облысы ҚАЖД-да ардагерлер мен полиция қызметкерлері марапатталды
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшысы әділет подполковнигі Алтынбек Қалиев ардагерлер мен жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау сөзін жеткізіп, егеменді елдің 30 жылда жеткен жетістіктері туралы айтып, ой жүгіртті.
Шараның ресми бөлігінде А.Қалиев ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларды құттықтап, бірнеше азаматты марапаттады.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұйрығымен Алғыс хатпен әділет полковнигі Басаров Жасталап Ерсайынұлы, сондай-ақ, Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері Қаратаев Рустем Ғайнеденұлы, Дүйсенкалиев Мұқсын Қуанайұлы, Екібаев Нұрлан Бердіханұлы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен департаменттің тылдық қамтамасыз ету тобының қару-жарақ бойынша бас маманы әділет подполковнигі Оразгуль Джумабекова және «Халық алғысы» медалімен ГМ-172/10 мекемесі медицина бөлімінің фельдшері әділет аға лейтенанты Жадырагүл Сүйінбаева марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен бірнеше қызметкерге мерзімінен бұрын және мерзіммен арнайы атақтары берілді. Атап айтқанда, департаменттің кезекші қызметінің аға инспектор-кезекшісі әділет капитаны Н.Утешовке, департаменттің режим және қадағалау тобының аға жедел уәкілі әділет капитаны С.Ахановқа, ГМ-172/8 мекемесінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Ж.Бектеновке, Бейнеу аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет капитаны М.Оразалиевке «әділет майоры» атағы табысталса, ГМ-172/10 мекемесінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет аға лейтенанты О.Кашкимбаев «әділет капитаны» атағы берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ГМ-172/10 мекемесі жедел бөлімінің бастығы әділет майоры А.Оспанов, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» кеуде белгісімен ГМ-172/8 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Р.Құлтасов, Грамотамен ГМ-172/6 мекемесінің теологиялық-оңалту тобының аға инспекторы әділет капитаны М.Тажиев марапатталып, ГМ-172/6 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты А.Шахановқа алғыс жарияланды.
Ведомство басшысының бұйрығымен жеті қызметкерге Грамоталар мен Алғыс хаттар табысталды.
Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.