Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Полиция департаментінің басшысы халықпен кездесу өткізді

ШҚО Полиция департаментінің басшысы халықпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнеконференция аясында онлайн режимде 31 наурызда Zoom платформасында, сондай-ақ Еastkazpolice ресми парақшасында ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбековтің облыс тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.  Оған жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ аудандық полиция бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

ШҚО ПД басшысы өзінің онлайн-баяндамасында 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысымен таныстырды.

 – 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 9,3%-ға аз қылмыс тіркелді, – деп атап өтті өз сөзінде ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.

ШҚО полицейлерінің қылмыстарды ашуы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 55,2%-ды, ал ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша – 72,5%-ды құрады, оның ішінде ауыр қылмысты ашу 70,6%-ды, аса ауыр қылмысты ашу 93,8%-ды құрады.

Ішкі істер органдарының тағы бір маңызды бағыты – қылмыстың ең көп таралған түрі ретінде біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу.  Қылмыстың бұл түрі 23,5%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алуға да көп көңіл бөлінді (26,8%-ға төмендеді). Бұл қылмыстың түрі ауылдық жерлерде көп таралған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, мал ұрлықтарының 12 тобы залалсыздандырылды, 63 мал иесіне 123 млн 670 мың теңге сомасына бағаланған 569 мал басы қайтарылды.

ІІО қызметіндегі маңызды бағыт – нашақорлыққа қарсы күрес болып табылады. Мәселен, 2021 жылы 208 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 722 килограмм түрлі есірткі тәркіленді, бұл 2020 жылға қарағанда үш есе көп. Сондай-ақ, есірткі контрабандасының 3 фактісі және ҰҚТ құрудың 2 фактісі анықталды.

Айта кетсек, ШҚО Полиция департаменті құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылы 470 733 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешенінің көмегімен – 137 158 құқық бұзушылық анықталды. 3 млрд 500 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

– Полиция қызметкерлері облыс жолдарында жол көлік апатының алдын алу жұмыстарын жүргізеді, ол бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің деңгейін төмендетуге, сондай-ақ азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Тәртіп сақшылары 2 мың мас жүргізушіні анықтады, тағы 1 442 адам жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды және 5 767 көлік жүргізуші жаяу жүргіншіні жібермегені үшін әкімшілік жауапкершелікке тартылды. Жалпы, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 2 мың жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, – деп жалғастырды өз сөзін облыстың бас полицейі.

Сондай-ақ, 2021 жылы ШҚО-да жеті стационарлық модульдік бекет және үш учаскелік полиция пункті салынды, биыл жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағыт, яғни «Сервистік полиция моделі» полицияның халықпен қарым-қатынасының жаңа форматы шеңберінде жүргізіледі. Бұл қауіпсіздік саласындағы қарапайым азаматтардың барлық мәселелеріне жоғары назар аударуды, қылмыскерлер мен құқық бұзушылардың құқыққа қарсы әрекеттеріне тап болған адамдарға сапалы заң көмегін көрсетуді білдіреді.

Полицияның ашықтығын айғақтайтын тағы бір фактор – департаментте, сондай-ақ әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде құрылған «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмелері».

Айта кетсек, ПД-нің instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында көрсетілген онлайн-форматтағы есеп беру кездесуінде 40-тан астам шығысқазақстандық өз сұрақтары мен ұсыныстарын жолдады. Тікелей эфирде жол қауіпсіздігі, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі, көші-қон заңнамасы және кадр саясаты саласына қатысты сұрақтар қойылды. Өзекті мәселелердің көпшілігіне ПД басшылығы тарапынан нақты және егжей-тегжейлі жауаптар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру