Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті анықталды

Қарағандыда дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыз күні сағат кешкі 20.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне осы аумақта орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысына шабуыл жасап, тонау жасамақшы болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден сол аумақта жүрген патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді.

Полиция қызметкерлеріне 26 жастағы сатушы қыз белігісіз біреу қорқытып, кассадағы 25 мың теңге ақшаны алып кетпекші болғанын айтқан. Алайда сатушының қарсылық танытуынан күдікті оқиға орынынан “ізін суытқан”.

Кешенді іс-шаралар барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру