Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО пробация қызметі жеңімпаз ардагерлерді құттықтады

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Катонқарағай ауылындағы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Биыл адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін тойлап жатырмыз.

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Катонқарағай ауылындағы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, ауыл мен ауданның құрметті ақсақалдары Қабдрашит Әлипин мен Малғаждар Байғазиннің шаңырағына сыйлықтарымен 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

“Нұр Отан” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы негізінде, сондай-ақ “Біз біргеміз” республикалық қайырымдылық акциясы аясында қарт майдангерлерге әкелген сыйлықтарын табыс етті.

“Ардагерлеріміз бүгінгі ұрпақтың көрсетіп отырған құрметіне алғыстарын айтып, елімізге баянды бақыт тілеп, ақ баталарын берді”, – деді Катонқарағай аудандық пробация қызметінің басшысы Дамир Акказинов.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Баршаларыңызды және отбасыларыңызды бүгінгі тамаша мереке күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру