ШҚО ҚАЖ жас қызметкерлері мереке қарсаңыңда ант қабылдады
ҚР рәміздер күнін атап өтуге байланысты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауаны Шуақ ауылында орналасқан ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/17,18,21 мекемелері бірігіп, салтанатты түрде жас қызметкерлерге ант қабылдау рәсімін ұйымдастырып өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас қызметкерлерге салтанатты түрде ант қабылдау – ҚР рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Осы ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының рәміздері күнін мерекелеумен тұспа-тұс келуінің өзі жас қызметкерлер үшін үлкен құрмет.
Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.