ШҚО: Қазіргі таңда республикалық маңызы бар 4 автожол жабық
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыста 19 ақпанда түстен кейін қатты түтек боран басталып кетті. Құтқарушылар тұрғындарға елдімекеннен тыс шықпауды ұсынды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Барлығы 16 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылып, жолдар жабылды.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар 4 автожол жабық: «Өскемен-
Шемонаиха-РФ шекарасы (105-123 км., Шемонаиха – РФ шекарасы),
«Семей-Қайнар» (8-266 км, Семей қ.-Қайнар а.), «Қарағанды-Аягөз-Боғас»
(707-941 км Аягөз қ.-Боғас бұрылысы), «Омск-Майқапшағай» (915-1087 км,
Қалбатау а.-Боғас бұрылысы).
Республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде тіркемесі бар
жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысы үшін шектеу қойылды:
«Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (35-102 км – Предгорное ауылынан –
Шемонаиха қ. дейін) және «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» (15-105 км –
Белоусовка а. – Риддер қ. дейін).
Сондай-ақ облыстық маңызы бар 4 автожол жабық: «Дмитриевка-
Бородулиха-Шемонаиха» (0-87 км), «Бородулиха-Жезкент» (0-49 км), «Шар-
Бақыршық-Борсақ» (0-72 км), «Шемонаиха-Секисовка» ( 0-54 км).
Құтқарушыларға екі жол учаскесінен көмек сұрады.Көкпекті ауданында, Омск-Майқапшағай республикалық маңызы бар тас жолдағы 967 км, Байбура учаскесінде, ол Көкпектіден 30 шақырым жерде қар құрсауында 1 көлік қалып қойған. Қызметкерлер КУНГ көлігімен қар басқан орынға шықты. Жолда сынып қалған көлікті көріп, жөндеуге көмектесіп және оны Көкпекті ауылына дейін алып келді.
«Семей-Қайнар» республикалық маңызы бар жолдағы Семей қаласынан 45 шақырымдағы 37 км учаскеде 11-ӨСБ күшімен қар құрсауынан 1 жеңіл көлік шығарылды. 3 адамды КУНГпен эвакуациялап, ал көлікті Семей қаласына дейін ертіп апарды.
Құтқарушыларға Жарма ауданындағы бақташыны іздеуге
көмектесу туралы хабар түсті. Ол қыстағынан малды айдап әкелуге шығып,
қайта оралмаған. Іздеуге Семей қалалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен жергілікт атқарушы органның мамандары, полиция мен тұрғындар шықты. 4.30-да мал табылып, 9.50-де бақташы да табылды.