Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Балабақшадан түтін шықты

Ақтөбе қаласындағы «Әсем» балабақшасында өрт шықты деген қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 20 ақпаны қашықтан басқару пультіне Ливенцова көшесінің бойындағы «Әсем» балабақшасында өрт шықты деген қоңырау түсті.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері  жіберілді, олар ғимараттың бірінен түтін тапты. Бала бакшадан 90 бала эвакуацияланып, патрульдік полицияның автобустарына отырғызылды.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде, өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру