Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғындары полицияға 100 бірлік атыс қаруын өткізді

ШҚО тұрғындары полицияға 100 бірлік атыс қаруын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда.

– Акция  25 сәуірде басталды. 23 күн ішінде ішкі істер органдарына азаматтардан 73 өтініш келіп түсті, өз еркімен 100 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 16 ойық және 84 тегіс ұңғылы қару қабылданды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Осы акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, қаруды өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ге дейін төлем көзделген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру