ШҚО тұрғыны 400 келі заңсыз ауланған балықты тасымалдаған
ШҚО тұрғыны 400 келі заңсыз ауланған балықты тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Өскемен – Шемонаиха тас жолының 60-шақырымында Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Ер адам көлікте тиісті құжаттарсыз шамамен 400 келі табан балықты тасымалдаған.
Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алу кезінде Убинка ауылының Шүлбі су қоймасының жағасында балық аулағанын айтып, кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ер адамға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.