ШҚО тұрғынынан 1,6 килограмнан астам гашиш табылды
Шығыс Қазаақстан облысының тұрғынынан 1,6 килограмнан астам гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қараша айының соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлеріне облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.
Тексеріс кезінде ақпарат өзінің растауын тапты. 2021 жылдың 22 қарашасында аталған ер адам ұсталды. Кідіріссіз жеке тінту барысында өсімдік тектес ұнтақ тәрізді заты бар 25 полимерлік түйіншек салынған қорап табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1695,003 грамм «гашиш» есірткі құралы болып табылады.
– Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 – бабы 3-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.