Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан оқ-дәрілер тәркіленді

Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғынының пәтеріне мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен тінту жүргізу кезінде екі дана тапанша мен алты патрон, бес дана газ баллон, екі ыдыстағы бытыра (металл оқтар) тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баллистикалық сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат «45 Rubber» калибрлі жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды тапанша болып табылады. Тапанша зауыттық әдіспен жасалған және ату үшін жарамды.

Тапаншадан алынған травматикалық қаруға арналған алты патрон «45 Rubber» калибрлі патрондар болып шықты. Патрондар зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

Шетелде өндірілген зауытта жасалған 4,5 мм калибрлі тағы бір газ баллонды пневматикалық тапанша спорттық жаттығу атыстарына арналған және атыс қаруы санатына жатпайтыны анықталды.

Тексеру кезінде күдікті ер адам тәркіленген заттарды Белоусовка ауылында тұратын  43 жастағы танысының қаланың дәмханаларының бірінің жанынан тауып алғанын түсіндірді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен (Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру