Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу ауданында цистерна өртенді

Шу ауданының өрт сөндірушілері Шоқпар станциясындағы өртті ауыздықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусым сағат 01-44-те Шу ауданында Шоқпар т/ж станциясында екі вагон (60 тонна бензині бар бір цистерна және контейнері бар бір платформа, «Алматы-Ақтоғай» бағытындағы № 2950 жүк поезы) шығып кетті. Оқиға салдарынан мұнай өнімдері төгіліп, кейін жанған. Отпен қамтылған жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрады және 75 метр темір жол төсемі зақымдалған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы Бағдат Данилов пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Ермек Момбаев шықты.Шу, Алайғыр, Эспе темір жол станцияларында орналасқан 10 жолаушылар пойыздары тоқтады. ҚТЖ күштері жақын жердегі 10 тұрғын үйден 42 адамды эвакуациялады.

05-20 өрт сөндірілді. Шу ауданы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамының алты қызметкері мен екі бірлік техникасы, Шу стансасынан өрт сөндіру поезы өртті сөндірді.

Екі құрылым қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында халыққа  қауіп төнген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру