Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі

Шу станциясында көлік полициясы қызметкерлері “Қарасора – 2021” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан 26,5 келі “марихуана” есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(Есірткінің ірі партиясы | 0:40 – 2:00)

Анықталған есірткі партиясы өте үлкен мөлшерге жатады. Ұсталған адам “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау” бабы бойынша жауапқа тартылады. Күдікті қамауға алынды.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 331 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 158 келіден астам түрлі есірткі құралдарын тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру