Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлігі өртке оранған ерлі-зайыптыларға көмектесті

Түркістан облысының полицейлері көлігі өртке оранған ерлі-зайыптыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы  Жанали Шатаев пен Аңсар Жалғасбеков қызмет атқару барысында “Алматы-Ташкент-Термез” тас жолының 600 шақырымында, яғни Түркістан облысы Түлкібас ауданының Шақпақ Баба елді мекенінің тұсында қиын жағдайға тап болған автокөлік иесіне көмек берді.

Жол бойында аталған көліктен ақау шығып, отқа оранған. Мұны көрген полицейлер бірден тоқтап, көлік ішіндегі тұрғындарға көмек беруді көздеген. Содан соң бірден жалындап тұрған автокөлікке жақындап, ішіндегі ерлі-зайыптыларды сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

Осылайша, екі бірдей тұрғынды төніп тұрған қауіптен аман алып қалған полицейлер көліктің отын сөндіру үшін автокөліктің капотын ашып, аккумуляторын ажыратқан.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар өз шаруаларымен Алматы қаласынан Шымкент қаласына бет алған. Содан соң жолда келеңсіз оқиғаға тап болып, полиция қызметкерлерінің көмегінің арқасында көліктерінің отын сөндірген. Тәртіп сақшыларының адал қызметіне риза болған көлік жүргізушісі өз алғысын жеткізді.

– Біз Шақпақ Баба ауылында аяқ астынан көлігіміз өртеніп кетті. Осы сәтте полиция қызметкерлері бірден келіп, көмектерін берді. Үлкен рақмет, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру