Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қаруға ұқсас зат тәркіледі

Шымкенттік полицейлер тұрғынның автокөлігінен қаруға ұқсас зат тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан сағат 00.00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қазыбек би-Л.Толстого көшелерінің қиылысында күмән тудырған Daewoo автокөлігін тоқтатқан.

Автокөлікті қарау кезінде алдыңғы орындықтың астынан қаруға ұқсас зат анықталған. Аталған қару тәріздес зат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Автокөлік иесі Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру