Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері тонау ісін “ізін суытпай” ашты

Ақтөбе полицейлері тонау ісін “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазан күні сағат 22:55 шамасында Теміржол вокзалы маңында белгісіз адам ақша қаражаты мен ұялы телефоны бар 34 жастағы ақтөбеліктің рюкзагын тонап кеткен. Жәбірленуші полицияға жүгінді, олар жедел әрекет етіп, дереу белгісіз адамды іздей бастады. Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, күдікті өз кінәсін мойындады. Шығын сомасы 69 мың теңгеден асты.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру