Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері шөптің өртену себептері туралы айтты

ШҚО полицейлері шөптің өртену себептері туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта Шығыс Қазақстан облысында қысқа дайындалған шөптің жанып кету фактілері орын алуда. Кейбіреулер “шөпке от қоюшылар” жасанды шөп тапшылығын жасау және жем бағасын көтеру үшін әдейі өртеп жүр деп болжады.

Алайда ШҚО полицейлері бұл жағдайды мұқият қарап шығып, бұл жерде ешқандай қастандық болмағанын айтты.

– Шөптің жануының барлық жағдайлары белгіленген тәртіппен тіркелді және процессуалдық шешімдер қабылдана отырып, олар бойынша тиісті тексерулер жүргізілді. Өрт жағдайлары бір-бірімен байланысты деп айтуға негіз жоқ. Әр жағдай дара және өрттің шығу себептері де әртүрлі. Негізінен көбі отты абайсыз қолдану салдарынан немесе тіпті “балалардың тентектігі” орын алған, – дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Департаментте бірден бірнеше мысал келтірді. 3 қазанда Көкпекті ауданында 35 жастағы тұрғынның ауласында 80 тонна шөп өртенген. Полиция өрттің шығу себебі сөндірілмеген темекіден болғанын анықтады, оны сол ауданның 25 жастағы тұрғыны абайсыз лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде болған тағы бір жағдайда Жарма ауданында жиналған шөп отының жану фактісі тіркелді. Сол күні тәртіп сақшылары 8 жасар бала сіріңкемен ойнап жүру барысында шөптің өртегенін анықтады. Қазір шөп иесі ата-анасынан келтірілген залалды өндіріп алуға ниетті.

ШҚО Полиция департаменті өз мүлкін мұқият қадағалап, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру