Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардарада ер адам егістік алқабына кіріп кеткен бөтеннің жылқысын темірмен ұрып өлтірді

Шардарада ер адам егістік алқабына кіріп кеткен бөтеннің жылқысын темірмен ұрып өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз азаматтың өзіне тиесілі бір бас биесін белгісіз затпен ұрып өлтіріп қойғанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осыдан соң полицейлер бірден оқиға орнына шығып, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, Шардара АПБ полицейлері 1 бас жылқыны өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің жылқысы күдікті азаматтың егістік алқабына кіріп кетіп, едәуір шығын келтірген. Сондай-ақ күдіктіден жылқыны ұрып соққан темірді тәркілеп алды. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру