Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен 7 дана телефон ұрлап кеткен қызылордалық әйел анықталды

Дүкеннен 7 дана телефон ұрлап кеткен қызылордалық әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының  тұрғынынан арыз түсті.

Белгілі болғандай, 19 қазан күні қала орталығындағы орналасқан дүкендердің бірінде 7 дана ұялы телефон ұрлап кеткен. Арыз иесіне келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгені құрайды.

Орын алған ұрлыққа қатысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тәулік ішінде ұрлықты ашып, күдіктіні ұстады. Ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру