Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіленді

Жамбылдық полицейлер Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру