Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жанармай бекетін тонаған ер адам ұсталды

Петропавлдық полицейлер автожанар-жағармай құю станциясын тонаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыстық аппараттағы әріптестерімен бірлесіп, 6 қаңтарға қараған түні автожанар-жағармай құю станциясын тонаудағы күдікті 36 жастағы облыс тұрғынын ұстады.

Полицияға 01.30 шамасында белгісіз қылмыскер Әуезов көшесінің бойында орналасқан АЖҚС бірінің терезесін сындырып, кассадан 40 мың теңгені қолды қылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бейнебақылау камералары орта жастағы ер адамның әйнекті урнамен сындырып, ақшаны алып, белгісіз жаққа кетіп қалғанын тіркеген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тонау “ізі суымай” ашылды. Күдікті Әуезов көшесінде жалға берілетін пәтерлердің бірінде ұсталды. Бұрын бірнеше рет сотталған 1984 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Жедел уәкілдер келген сәтте ол масаң күйде болған. Ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды.

Аталған факті ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты “қамаққа алу” бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру