Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушілер солтүстікқазақстандық полицейлерге алғыстарын жеткізді

Халықаралық алғыс айту күні жүргізушілер солтүстікқазақстандық полицейлерге алғыстарын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық алғыс айту күні полицейлердің атына солтүстікқазақстандық жүргізушілердің алғысы бейне хабарламалар ретінде келді. Полицейлерге “алғыс айтудың” себептері жетерлік, бұған адамдардың жіберген хабарламалары дәлел. Ал қыс мезгілінде, Солтүстік Қазақстанда олар полиция қызметкерлеріне көбінесе жолда көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп жатады. Жамбыл ауданы Матросовка ауылының тұрғыны бензин датчигінің істен шығуына байланысты жанармайды шақтамаған, сол себепті жолда тұрып қалады. Жүргізушінің айтуынша, өтіп жатқан автокөліктердің бірде-бірі тоқтамаған. Патрульдік полиция қызметкерлері жақын маңдағы жанармай бекетіне сүйреп апарған.

– Олардың көмегі зор болды. Қызметтері өрге бассын, шексіз ризашылығымды білдіремін, көп рахмет, – деп ауыл тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Қанат Теңісбаев пен Самат Данияровқа арнап бейнежазба жазыпты.


Петропавл қаласының тұрғынынан тағы бір алғыс түсті.

– Олар менің аязда жолда қалуыма жол бермеді, қиын жағдайда қалдырмады. Жігіттерге шын жүректен рахмет. Қиын жағдайда жалғыз қалғанда, онымен қоса жолда қалсаң, полицейлер сенің нағыз құтқарушың, – дейді көлігінің бұзылуынан, өздігінен сапарын жалғастыра алмаған қалалық әйел.

Мейірбек Мейрам мен Асхат Ахметовтің автопатрулі көмекке дер кезінде жеткен.

– Жыл басынан бері қала сыртындағы жолдарда оннан астам адам көмекке зәру болды. Адамдар сапарларын ойдағыдай аяқтап, баратын жерлеріне аман-есен жеткеннен кейінгі шын жүректен білдірген ризашылықтары қызметтің сервистік моделіне көшкелі отырған патрульдік полиция батальонының барлық жеке құрамы үшін керемет ынталандыру болып табылады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев.

ВИДЕО: https://yadi.sk/i/fmdmKE-9g2eQKw

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру