Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік нөмірлерін ұрлаған ұрылар анықталды

Ақтөбеде ресейлік тіркеудегі нөмірлерді ұрлап, содан кейін олардың иелерінен ақша талап еткен қылмыскерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, күдіктілер автокөліктерден тіркеу нөмірлерін ұрлап алып, иелеріне “Telegram” мессенджерінде мекенжайы бар жазбаны қалдырған.

Хат алмасу барысында жәбірленушілер шотқа 20-дан 50 мың теңге сомаға дейін ақша аударып, төлем жасалғаннан кейін геолокация арқылы нөмірлердің орналасқан жері туралы ақпарат алған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері автокөлік нөмірлерін ұрлаған екі бопсалаушыны анықтады. Сондай-ақ, олар бопсалау арқылы ақша талап ету мақсатында ресейлік тіркеудегі сегіз автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып кеткендігі анықталды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс жүргізілуде және облыс аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру