Шу тұрғыны көлігімен есірткі тасыған
Шу қаласы тұрғынының көлігінен бір келі есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 мамыр күні Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Daewoo» көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында 40 жастағы жолаушыдан бір килограммға жуық «гашиш» есірткі затын тәркіледі.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.